Open Library - открытая библиотека учебной информации

Открытая библиотека для школьников и студентов. Лекции, конспекты и учебные материалы по всем научным направлениям.

Категории

Физика Педагогика мен дидактика 1 страница
просмотров - 285

Дебиет

ЭТУ КНИГУ ПИСАЛИ И ВЫ

Мой читатель! Вы не ищете иллюзий и не ждете чудес; вы не нуждаетесь ни в снисходительности, ни в лести; в связи с этим хочется, чтобы вы просто знали, что автору жаль с вами расставаться, ибо общение с вами – не только труд, но и наслаждение.

Я не знаю вас лично, но некое чувство (не знаю какое) делает наше общение ощутимым и действенным. В случае если бы я не верил, что понимаю вас в чем-то лучше, чем самого себя, эта книга не была бы написана. Конечна, эта вера – всœего лишь рабочее самовнушение («уча других, учусь сам»); конечно же, вы знаете себя лучше, чем я. Моей целью было только помочь вам распечатать это знание – распечатать и оживить...

У всякой книги, как у всякого человека, есть своя тайна. Тайна этой книги – и авторская, и ваша. Я хочу, чтобы эта книга дала вам, по крайней мере, столько же минут настоящей жизни, сколько дала мне.

– 207 –

СОДЕРЖАНИЕ

От редакции ....…...........................……...
1. О пользе и бесполезности прописных истин …...
2. О женской логике, свойственной и мужчинам ….
3. Маятник здравого смысла ....................…..
4. Прикажите не заболеть ........................….
5. Черт, которого я знаю ......…................…..
6. Гений внимания ...............................…..
7. Сила в покое ............….....................….
8. Своя музыка ...............................….....
9. Слабоволие как предрассудок .............….....
10. Подыши от души ..........................….....
11. Держи голову в холоде... ...........…............
12. Взаймы у Морфея .................................
13. Непостижимое искусство жить ...................
Краткий путеводитель АТ ........................
Эту книгу писали и вы ...........................

ПРИМЕЧАНИЕ. Номера страниц в данном тексте указаны так, как даны в книге.

Текст печатается по изданию: Владимир Львович ЛЕВИ. ИСКУССТВО БЫТЬ СОБОЙ. (Издание второе, переработанное и дополненное). М., «Знание», 1977. 208 с.

1. Жаңабаев З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 119 б

2. Кудайкулов М., Жанабергенов К. Орта мектепте физиканы оқыту әдiстемесi, Алматы, 1998, 310 б.

3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе: теоретические основы. – M., 1981. – 288 c.

4. VII-ХI сыныптардың физика және астрономия мектеп оқулықтары мен оқу құралдары.

5. Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы / Каменецкий С.Е., Пурышева Н.С., Важеевская Н.Е. и др. – M., 2000. – 368 c.

6. Жанабаев З.Ж. Синœергетика знания. – Алматы. Каз.универ. – 1999. – 37 с.

7. Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синœергетика в педагогике. – Алматы., ИЦОФДМ. 2002. – 150 с.

Физиканы оқыту әдiстемесi педагогика ғылымының бiр саласы болып табылады.

Педагогика - адамды оқытуға және тәрбиелœеуге бағытталған комплекстi әрекеттердiң заңдылықтары туралы ғылым.

Қазiргi кезде ғылымның, өндiрiстiң дамуына сәйкес әрбiр пәннiң мазмұны кеңейiп, тереңдеп, оларды оқытудың ерекшелiктерi көбеюде. Сондықтан әр пәндi оқыту әдiстемесi жеке ғылым саласы болып қалыптасып, iрге тасы қалануда. Барлық жеке пәндердi оқыту әдiстерi дидактикаға негiзделœедi.

Дидактика - оқыту теориясы. Ол оқытудың негiзгi заңдылықтарын, жолдарын көрсетедi. Жеке пәндердiң (физика, химия, математика т.с.с.) әдiстемесi арнаулы дидактика деп аталады. Әдетте ²арнаулы дидактикада² (физика дидактикасы т.б.) оқыту теориясына қарағанда ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарына аз көңiл бөлiнедi. Физиканы оқыту әдiстемесiнде арнаулы дидактика пәнiнен көбiрек оқытудың мазмұны, тәрбиелiк мәнi, оның ұйымдастыру мәселœелерi жан-жақты ескерiледi.

Оқытудың функциялары

Жалпы бiлiм беру мектептерiнде физиканы оқытудың негiзгi үш функциясы, мақсаты iске асырылады : бiлiм беру, дүниетанымдылық, дамыту функциялары.

Физика пәнiнен бiлiм беру - табиғат құрылымының және оның құбылыстарының ең қарапайым әрi әмбебап түсiнiктерiмен және заңдылықтарымен таныстыру. Бiлiмнiң теориялық негiздерiн табиғат, қоғам құбылыстарын түсiндiруге, күнделiктi өмiрде қолдана бiлудi үйрету мақсаты қойылады.

Оқытудың дүниетанымдық функциясы негiзiнде оқушы табиғат құрылымы, тiршiлiк және қоғам заңдары, сана-сезiм және материя арасындағы қатынастар туралы түсiнiктер алады. Дiнге, сезiмге, әлемге дұрыс көзқарастармен танысады.

Оқытудың негiзгi мақсаттарының бiрi - оқушының ойлау қабiлетiн дамыту. өзбетiмен кiтап оқуға, бiлiм толықтыруға, мағлұматтарды талдап дұрыс қорытынды жасауға, есеп шығаруға, зерттеу жұмыстарына бейiмдiлiкке үйрету. Қазiргi қоғам нарық, ашық жүйе принциптерiне негiзделген. Әлеуметтiк, өндiрiстiк заңдылықтар әрбiр қоғам мүшесiнiң белсендiлiк, тапқырлық, iскерлiк, шеберлiк қасиеттерiнiң болуын талап етедi. Мұндай талаптарға мектептен бастап жастарды үйретуге, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге физика сабақтарының мол мүмкiндiктерi бар.

Әдiстеменiң мiндеттерi

Физиканы оқыту әдiстемесiнiң мiндеттерiн әдетте мынадай сұрақтарға жауап ретiнде тұжырымдайды.

Не үшiн оқытамыз? Жас ұрпақты оқыту мақсаты социалды-экономикалық жағдайлармен және қоғамның даму деңгейiмен анықталады. Қоғамның, ғылымның, техниканың даму деңгейi, қажеттiлiгi ескерiлiп оқу жоспары құрылады. Қазiргi өмiрде физиканың ролi өте үлкен болуына сәйкес орта және жоғары мектептерде физика пәнiне бөлiнетiн апталық сағат мөлшерi белгiленедi. Физика пәнiн оқытудың мақсаты, себептерi, оқу процесiн ұйымдастыру және басқару жұмыстарының мiндеттерi, ерекшелiктерi белгiленедi.

Ненi оқытамыз? Физика пәнiн оқыту үшiн жүйелi түрде құрылған бағдарлама қажет. Оқу бағдарламалары оқытудың мазмұнын анықтайды. Физиканың ғылыми негiзi бар, түбегейлi, әрi қарапайым, техникаға қолданымы бар мәселœелерi таңдап алынады. Оқушының жас ерекшелiгiне сәйкес физиканың қай бөлiмiн қай класта͵ қанша көлемде, қандай тереңдiкте оқыту керек, оның түсiндiрiлу деңгейi қандай болатындығы анықталады.

Қалай оқытамыз? Физиканы оқыту әдiстемесiнiң тәжрибелiк заңдылықтары жалпы-ланады. Оқушының тиянақты бiлiмiн қамтамасыз ететiн физика пәнiне қызықтыру жолдары, сабақты жандандыру әдiстерi, техникалық құралдарды, компьютерлiк техниканы қолдану әдiстерi, бiлiм деңгейiн тексерудiң тиiмдi жолдары көрсетiледi

Физиканы оқыту әдiстемесiнiң интегралдық сипаты

Физиканы оқыту әдiстемесiн жеке пән ретiнде қарастырып, оның интегралдық сипаты деп жан-жақты, комплекстi жинақтаушы ерекшелiктерiн айтамыз.

Физиканы сапалы оқытудың ең бiрiншi және басты шарты - оқытудың мазмұнын мұғалiмнiң берiк меңгеруi, оның зерттеу әдiстерi мен даму заңдылықтарын, тарихын терең түсiнуi. Демек, әдiстеме ең алдымен, физика пәнiнiң мазмұнына, оны жетiлдiру мақсаттарына негiзделiнедi.

Оқыту әдiстемесiнiң (арнаулы дидактиканың) негiзгi принциптерiнiң бiрi – пәнаралық байланысты ескеру. Осы орайда физика пәнiн оқытуда оны математикамен үнемi байланыстыру аса қажет. Физикалық шамаларды өлшеу, олардың арасындағы функционалдық байланыстарды сапалық, мөлшерлiк және сандық түрде тағайындау, сипаттау үшiн математикалық әдiстер мейлiнше кеңiнен қолданылады. Физика пәнiн, ғылымын математикадан ажыратып қарастыруға болмайды, сондықтан ғылым салаларының iшiнде ²физика-математика ғылымдары² деген қосарланған атау қалыптасты.

Физика пәнiнiң мазмұны табиғаттану ғылымдарымен, ең алдымен, химия, биология ғылымдарымен тiкелœей байланысты. Физикалық объектiлер - зат, дене химиялық құрылым ерекшелiктерiмен сипатталады, энергия алмасуы бар реалды құбылыстар (жану, қопарылыс т.с.с.) көп жағдайда химиялық реакциялармен қабаттаса байқалады

Физика ғылымының маңызы

Физика - табиғаттың ең iргелi, әмбебап (универсал) әрi ең қарапайым түрдегi заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Физика материя құрылымын және оның қозғалысын, кеңiстiк пен уақыттың қасиеттерiн, әртүрлi әсерлесу күштерiнiң табиғатын, ол күштер берiлетiн өрiс табиғатын зерттейдi. Бұл түсiнiктер ең терең, ең түбегейлi түсiнiктер болып табылады. Барлық ғылымдар осы түсiнiктерге келiп негiзделœедi.

Физика ғылымы барлық табиғат туралы ғылымдармен, философия ғылымымен байланысты, сонымен қатар техниканың дамуының теориялық негiзi болып табылады. Физиканың теориялық нәтижелœерi, эксперименттiк әдiстерi химияда, астрономияда, биология мен геологияда және көптеген техникалық ғылымдарда, өндiрiсте кең қолданылуда. Барлық техникалық жетiстiктер физика ғылымына негiзделген. Әсiресе, адамзатқа ең қажет энергия өндiру (жылу энергиясы, атомдық энергия, термоядролық энергия, күн энергиясы т.с.с.) проблемалары физика ғылымы арқылы шешiледi. Техниканың дамуына байланысты өте үлкен температураға, қысымға шыдамды, радиацияға төзiмдi материалдар алу жолдарын физика зерттейдi. Қазiргi кезде адам еңбегiнiң барлық саласында компьютердiң ролi артып отыр. Осыған сай өте қуатты, мүмкiндiгi мол компьютерлер жасалуда. Компьютердiң элементтiк базасын (интегралдық схемалар, операциялық жүйелœер т.с.с.) жасау үшiн керектi материалдар, шала өткiзгiштердiң тиiмдi түрлерiн iздеу, лазерлiк техниканы қолдану т.с.с. мәселœелердi физика ғылымы қарастырады.

Лекция 2

ФИЗИКА САБАҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРI

Жаңа материал, жаттығу, тәжрибе, пiкiралмасу, бақылау, құрама сабақтардың мақсаты, ерекшелiгi.

Орта мектептегi физика сабағының негiзгi түрi - сынып сабағы, ол арнаулы кабинœеттерде, тоқсан бойынша тұрақты сабақ кестесi бойынша өтедi. Физика сабағының мақсаты, мазмұны, формасы бойынша әр түрi бар.

Жаңа оқу материалын түсiндiру сабағы(жаңа сабақ), әдетте, физикалық заңдылықтар мен теорияларды түсiндiруге, формулалар мен теңдеулердi қорытуға, физикалық құбылыстардың себептерiн түсiндiруге арналады. Жаңа сабақта оқытуды жандандыру әдiстерi - тiрек белгiлер, қайшылық кезең сұрақтары, құрылымдық-логикалық сүлбелœер қолданылады, физикалық тәжрибелœер, демонстрациялар көрсетiледi.

Жаттығу (практика) сабағы теориялық материалды талқылауға, физика есептерiн шығаруға арналады. Жалпы, есеп шығару физиканы оқыту процесiнiң мiндеттi құрамды бөлiгi болып саналады, ол физика сабақтарының барлық түрiнде, сыныптан тыс жұмыстарда кездеседi. Есеп шығару табиғат құбылыстарының, физика заңдылықтарын, тәжрибелœерiн терең түсiнуге және олардың сапалық, сандық мағыналарын ашуға үйретедi. Оқушылардың өзбетiмен бiлiм алуы, еңбекқорлық, табандылық, жүйелi ойлау қабiлетi физикалық есеп шығару арқылы дамиды.

Физика есептерi мазмұны, берiлу шарты және шығару тәсiлi бойынша әр топқа бөлiнедi. Мазмұны бойынша ажыратылатын есептер физиканың механика, молекулалық физика, электрдинамика, оптика сияқты әр түрлi бөлiмдерiне арналады.

Берiлу шарты бойынша физикалық есептер мына топтарға бөлiнедi:

Сапалық есептер физикалық құбылыстың, заңдылықтың себебiн, мәнiн ашуға арналады. Есептеулердi, сандық қатынастарды дәл қолдану мiндеттi емес. Мүндай есептер жаңа сабақтың мазмұнын түсiндiруге өте қажет.

Сандық есептерфизикалық шамалардың арасындағы қатынастарды аналитикалық формулалар арқылы дәл тағайындайды. Физикалық шаманың мәнi өрнек түрiнде, немесе белгiлi өлшемдiлiкпен сан түрiнде анықталады.

Графиктiк есептердеқажеттi мағлұматтар берiлген графиктерден алынады. Есептi шығару жолы да графиктердi пайдалануға негiзделœедi. Мүндай есептер күрделi, бейсызық қатынастарды оңай анықтайды.

Эксперименттiк есептернақты физикалық демонстрациялық тәжрибенiң себебiн, мәнiн түсiндiруге арналады, физикалық шамаларды өлшеу әдiстерiн, олардың дәлдiгiн арттыру амалдарын табуды талап етедi.

Есептердiң берiлу шартына сәйкес оларды шығару тәсiлдерi де әртүрлi болады. Графиктiк, эксперименттiк тәсiлдерден басқа тәсiлдердi негiзгi екi топқа бiрiктiруге болады: аналитикалық және синтетикалық. Аналитикалық тәсiл бойынша қажеттi нәтиже негiзгi формулалар, сақталу заңдары арқылы дедукциялық түрде анықталады. Синтетикалық тәсiл бойынша есептiң шартынан анықтауға мүмкiн болатын шамалар ретiнен табылады, яғни жеке фактiлерден қажеттi жауап индукциялық түрде iзделiнедi.

Физикалық оқу экспериментiнiң мынандай түрлерi бар:физикалық демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс, физикалық практикум.

Физикалық демонстрациялар қарапайым, көрнектi құралдар арқылы физикалық құбылыстың, заңдылықтың мәнiн ашуға арналады, жаңа тақырыпты түсiндiруге қолданылады және арнаулы сабақ ретiнде де өтiледi.

Фронтальды (бiрыңғай) лабораториялық жұмыстың дидактикалық ұтымдылығы - оқушылар бiр мезгiлде қарапайым құралдармен жаңа сабаққа қатысты тәжрибе жасайды, теориялық материалды экспериментпен байланыстырады. Ұйымдастыру қиындығы - барлық оқушыны, немесе 2 -3 адамнан тұратын топтарды бiрдей құралдармен қамтамасыз ету.

Физикалық практикум - физикалық шамалардың өлшеу әдiсiн үйрететiн, олардың арасындағы сандық байланысты демонстрация, фронтальды жұмыстарға арналған құралдардан гөрi өлшеу дәлдiгi жоғары құралдармен жүргiзiлетiн тәжрибе сабағы.Сабақтың бұл түрi теориялық түсiнiктер таныстырылғаннан кейiн өткiзiледi.

Физикалық оқу экспериментi арнаулы оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған кабинœеттерде өткiзiледi. Оқытудың техникалық құралдарының аудио (дыбыстық), визуальды (бейнелiк) түрлерi бар. Дыбысты күшейтетiн, жазатын құралдар - динамик, микрофон, магнитофон т.б. Бейненi жазатын, көрсететiн құралдар - видеомагнитофон, проектор, кодоскоп, киноаппарат т.б. Қазiргi кезде телœедидарлық техника оқу процесiнде кеңiнен қолданылады.

Физика кабинœетiне, әдетте, 60-70 шаршы метр ауданы бар бөлме және оған қосымша 18-20 шаршы метр ауданы бар препараторлық бөлме арналады. Физика кабинœетiнде қатаң сақталатын негiзгi қауiпсiздiк техника ережелœерi мыналар: электр көздерiндегi кернеу 36 В-тан аспайды және жалпы айырғыш арқылы қосылады; радиациялық және аса жоғары жиiлiктi сәуле көздерi қолданылмайды; сынап термометрлер, жоғары қысымдағы газ, сынатын үлкен шыны ыдыстар пайдаланылмайды.

Бiлiмдi бiлiктiлiктi, дағдыны бақылау сабағы -оқу тәрбие жұмысының ажыратылмас негiзгi бөлiгiнiң бiрi. Оқу процесiнiң нәтижесiн жүйелi түрде бақылау оны дұрыс жолға қоюға, оқушыларды еңбекқорлыққа, өзбетiмен тиянақты бiлiм алуға үйретуге көмектеседi. Бiлiм - қарастырылып отырған объект туралы түсiнiктер, теориялық мағлұматтар жиыны. Бiлiктiлiк - теориялық бiлiмдi есеп шығаруға, практикада қолдану мүмкiндiгi. Дағды - бiлiктiлiктi көрсетудiң үйреншiктi, сенiмдi әдiстерiнiң қалыптасуы.

Бiлiм деңгейiн ауызша сұрау арқылы тексеру - бақылаудың ең қарапайым, тиiмдi формасы. Ауызша сұрау оқушы мен мұғалiмнiң тiкелœей өзара әсерiн қамтамасыз етедi, оқушының өз ойын дұрыс баяндауға үйретедi. Ауызша сұрау жекеше (индивидуальды) және жалпы (фронтальды) формада болуы мүмкiн.

Бiлiмдi жазбаша тексеру формалары саналуан: теория, есеп шығару бойынша бақылау жұмыстары, физикалық диктанттар, лабораториялық жұмыс қорытындылары, рефераттар, тест сұрақтарына жауап т.с.с. Жазбаша тексеру кұрделi сұрақтарды игерудi, көп оқушыны аз уақытта бақылауды қамтамасыз етедi.

Жиi қолданылатын жазбаша тексерудiң экспресс-формасының (программалық бақылау) мәнi мынада. 15-20 сұрақтан тұратын тест(сынақ-тапсырма) дайындалады. Әр сұраққа 3 - 5 ұқсас жауап жазылады. Сүрақтардан және оларға мүмкiн жауаптардан тұратын кестенi әр оқушы толтырады. Дүрыс деп табылған жауапты оқушы + таңбамен белгiлейдi. Бақылаудың нәтижесiн тексерудi оңайлатуға болады, ол үшiн мұғалiм дұрыс жауаптар белгiленген стандартты кестедегi + таңбаларды ойып қояды, сонда сәйкес келмеген жауаптарды салыстырып санау оңай болады. Тест сұрақтарына талаптарға, оларды қолданудың дидактикалық ерекшелiктерiне және мүмкiндiктерiне бiз кейiнiрек арнаулы тоқталамыз.

Қайталау сабағыәр түрлi формада, яғни теориялық түсiнiктердi игеруге, есеп шығаруға, физикалық оқу экспериментiне, т.с.с. мақсаттарға сәйкес өтедi. Қайталау сабағы, әдетте, тараудың соңында, немесе, тоқсан аяғында өтедi және сабақ тек тiкелœей қайталауға емес, жалпылама қорытындыларға, құрылымдық-логикалық жүйелœерге арналады.

Қүрама сабақ мақсаты көп салалы болады: жаңа материал түсiндiру, есеп шығару, физикалық эксперимент түрлерiн орындау, бақылау түрлерiн қолдану, пысықтау сұрақтарын беру, т.с.с. Соңғы жылдары құрама сабақтармен қатар маманданған, мақсаты жекелœенген сабақтың түрлерi кеңiнен қолданылып жүр. Қүрама сабақ дидактикалық құралдарды, оқытуды жандандыру әдiстерiн қолдануға, әдiстемелiк тәжрибенi игеруге және көрсетуге ыңғайлы.

Физика пәнi бойынша факультатив сабақтар ғылым мен техниканың соңғы заңдылықтарымен танысуға, физиканың теориялық, тәжрибелiк және компьютерлiк әдiстерiн терең игеруге арналады. Факультатив сабақтар оқушының физика ғылымына қызығушылығын, творчестволық қабiлетiн арттырады.

Факультатив сабақтардың мазмұны мектептiң негiзгi оқулықтарының мазмұнына сәйкес келœедi, түбiрi бiр мәселœелер кеңiнен, соңғы жаңалықтар тұрғысынан қарастырылады. Мысалы, электрдинамика бөлiмiмен қатар шала өткiзгiштер, плазма түсiнiктерi, ал оптика курсымен қатар лазер, голография түсiнiктерi баяндалады. Факультатив сабақтар үшiн арнаулы оқу құралдары (орыс, қазақ тiлдерiнде) жазылған.

Жалпы факультативпен қатар арнаулы (кәсiптiк бағдарлау қажеттiлiгiне, педагогикалық коллективтiң мамандану мүмкiндiгiне байланысты) факультатив ұйымдастырылуы мүмкiн. Көп жағдайда арнаулы факультатив олимпиадалық есептер шығаруға, информатика, электроника негiздерiн үйретуге арналады.

Физика пәнiнен өзiндiк жұмыс -оқушының мұғалiмнiң тапсыруымен, бiрақ тiкелœей қатысуынсыз жаңа тақырыпты игеруi, есеп шығаруы, тәжрибе жасауы, реферат жазуы т.с.с. өзiндiк жұмысты ұйымдастыру оқу тәрбие процесiнiң маңызды құрамы, өйткенi ол оқушыларды өзбетiмен бiлiм алуға, өзiн-өзi бағыттауға, жетiлдiруге үйретедi. Сынып сабағында өзiндiк жұмысты ұйымдастырудың, бақылаудың ұтымды формаларына оқу конференциялары, оқу семинарлары(пiкiр алмасулар) жатады.

Оқу конференцияларысабақ кестесi бойынша сынып бөлмесiнде (физика кабинœетiнде) өтедi. Әдетте оқу жылына 1 - 2 оқу конференциясы жоспарланады. Конференция тақырыбы ауқымды, ғылыми техникалық мәнi бар, қоғам өмiрiне қажеттi мәселœелерге арналады. Мысалы, “Физика және компьютерлiк техника”, “Болашақ энергетикасы”, ”Космонавтика және қоғам” сияқты тақырыптар бойынша көптеген ғылыми әдебиет, жергiлiктi өндiрiстiк, қоғамдық фактiлер бар.

Баяндама саны 5 - 6, әр оқушының баяндамасына 5-6 минут уақыт берiледi. Сұрақтар баяндама соңында берiледi. Мұғалiм барлық баяндама бойынша қорытынды жасайды.

Оқу семинарытеориялық бiлiмдi жинақтауға, оны қолдануға, есеп шығаруға арналады. Мысалы, ”Динамика заңдарына есептер”, “Кирхгоф заңдарын пайдалану”, “Тербелiстер мен толқындар - тәжрибеде”, тақырыптары бойынша көптеген типтiк есептер, әдiстемелiк заңдылықтар бар. Семинар барысында (конференциядан айырмашылығы) баяндамашыға сұрақ қойып, пiкiр таластыруға болады. Оқу конференциялары, семинарлары оқушыларды ғылыми творчестволық еңбекке баулиды.

Физикалық экскурсиялароқушыларды ғылыми-техникалық қондырғылармен, өндiрiстiк комплекстермен тiкелœей таныстырады. Экскурсия нәтижесi бойынша оқу конференциясын өткiзуге болады.

Физикалық үйiрмелœер- оқушылардың сыныптан тыс өзiндiк жұмысын ұйымдастырудың негiзгi формасы. Оқушылар үйiрмеге өз тiлегi бойынша жазылады. үйiрме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабiлетiн ашуды, болашақ мамандығын сенiмдi таңдауына көмектесудi қамтамасыз етуi тиiс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс iстейтiн үйiрме аттары “Радиоэлектроника”, “Информатика”, “Техникалық модельдер” тәрiздес болады.

Физика пәнi бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивтi, қызғылықты түрлерi бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш, викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.

ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ЖОСПАРЛАУ

Физика пәнiн оқытуды негiздейтiн басты құжат - оқу бағдарламасы. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң әр түрiне (8 жылдық, 11 жылдық, ғылымның, кәсiптiң саласына бағытталған колледж, гимназия, лицей т.с.с.) арналған бағдарламалар оқу министiрлiгiнде бекiтiлiп, жеке кiтапша түрiнде басылып тұрады, периодты педагогикалық, әдiстемелiк журналдарда (орыс тiлiнде “Физика в школе” журналында, қазақ тiлiнде “Информатика, физика, математика” журналында) жаңартылып жарияланып тұрады. Арнаулы физика-математика мектептерiнiң оқу бағдарламасы бөлек жасалады. Бүл бағдарламалар әрi тақырыптық (календарлық) жоспар болып табылады.