Open Library - открытая библиотека учебной информации

Открытая библиотека для школьников и студентов. Лекции, конспекты и учебные материалы по всем научным направлениям.

Категории

Энергетика Автомбиль трансмиссиясы
просмотров - 479

Трансмиссияның қызметі мен түрлері

Автомобиль трансмиссияның негізгі қызметі двигательдің иінді білігіндегі айналдыру моментін жетекші дөңгелœектерге көбейтіп жеткізу болып табылады. Себебі иінді біліктен алынған айналдыру моментінің шамасы жетекші дөңгелœекті айналдыруға жетпейді. Сондықтан иінді білік моментін көбейтуге тура келœеді, ал оны көбейткенде айналыс жылдам-дығы азаяды. Себебі энергияның сақталу заңы бойынша күштен ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз немесе керісінше.

Осыған қосымша, трансмиссия айналдыру моментін тек жетекші дөңгелœекке жеткізіп қана бермейді, оның мәнін жұмыс кезінде өзгерте алатындай болуы керек. Себебі автомобиль орнынан қозғалып, инœерция күштерін жеңгеннен кейін оның жүріс кедергісі азаяды. Сол кезде жүріс жылдамдығын арттыра алатын мүмкіндікті тудыруға тиіс. Яғни трансмиссияның беріліс саны жұмыс жағдайына қарай әртүрлі болып өзгеруі керек.

Автомобильдің жетекші дөңгелœегі біреу ғана болмайды, кем дегенде екеу немесе одан да көп болуы мүмкін. Трансмиссия сол жетекші дөңгелœектерге айналдыру моментін таратып бөліп беруге тиіс. Осыларға қосымша, автомобиль орнында тұрғанда от алып тұрған двигательден трансмиссия ажырап, дөңгелœектерге қозғалыс бермеуге тиіс, яғни трансмиссия қозғалтқышқа тұрақты жалғанып тұрмай, оны ажыратып тастайтын мүмкіндігі болуы қажет.

Сонымен, автомобиль трансмиссиясы иінді біліктен алынған айналдыру моментін жетекші дөңгелœектерге көбейтіп, бөліп таратып берумен қатар, жұмыс кезінде берілетін моменттің мәнін өзгертіп отырады. Әрі трансмиссияны двигательге баптап қосу мен ажырату қызметін атқарады.

Жалпы қозғалатын машиналардың трансмиссияларын үш түрге бөледі: механикалық, электромеханикалық және гидромеханикалық. Механикалық трансмиссияның барлық тораптары механикалық берілістерден, яғни тісті берілістер, шынжырлы берілістер, белдікті берілістер, фрикционды берілістер т.с.с. берілістерден құралады. Осылай құрылған механикалық трансмиссияның негізгі кемшілігіне берілісті біркелкі емес, сатылы өзгертетіні жатады. Оның үстіне мұндай трансмиссияның мөлшерлері үлкен болып, көп металл шығындалады.

5. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Автомобиль трансмиссиясының негізгі қызметі қандай?

2. Автомобильдің жетекші дөңгелœегі қанша?

3. Қашан автомобильдің жүріс кедергісі азаяды?

4.Трансмиссияның қандай түрлері болады?

6. Мәтінді әңгімелœеу үшін қажетті сөздерді , сөз тіркестерін жазыңыздар.

7. Мәтіннің мазмұнын айтыңыздар

8. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Электромеханикалық трансмиссияда жетекші дөңгелœекке қозғалтқыш қуаты электр өткізгіш сымдармен жеткізіледі. Ол үшін іштен жанатын қозғалтқыштан кейін механикалық энергияны электр энергия-сына айналдыратын генератор қойылады. Одан шыққан электр энергиясын өткізгіш сымдар арқылы жетекші дөңгелœектерінің қасында орналасқан электр қозғалтқышына жібереді. Енді электр қозғалтқышы дөңгелœектерді айналдырады. Бірақ, электр қозғалтқышының айналдыру моменті әлі де жеткіліксіз болғандықтан, оның қасына механикалық редуктор қойылады. Сондықтан да мұндай трансмиссияны электромеханикалық трансмиссия деп атайды. Осы электромеханикалық трансмиссия берілісті сатысыз өзгерткенімен, пайдалы әсер коэффиценті аз болады және құрылысы қымбат түсті металдардан жасалатындықтан өзіндік құны да артық болады. Сол себепті қазіргі автомобильдерде қолданылмайды.

9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротрансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелœектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтан да онда гидротрансформатормен қоса, механикалық редуктор қолданылады. Бұл трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен,п.ә.к. аз болады. Сондықтан да онша көп қолдану тапқан жоқ.

Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияға механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы п.ә.к. берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни, автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да, трансмиссияның п.ә.к. тұрақты болып қалады.

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Егер жеке түйнек салмағы 70 грамнан ….. болса, оларды ортасынан бөліп жарады. …..дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. ….. машина сатып алынды. Картоптың … түрлерін таңдау керек

Қажетті сөздер: картоп отырғызатын, жақсы, сол, ауыр.

11. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.

1. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ. 2. Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. 3. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. 4. Ақ көп болса, ақ нан көп. 5. Ердің атын еңбек шығарар.

12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.

Автомобилдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын , мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.

Автомобильдер мен тіркемелœерге маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелœерінде жүргізіп байқайды.

Автомобильдер мен тіркемелœерге техникалық қызмет көрсету ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады. Отын және жағармай кұю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің картерінен алынған майларды, гидравликалық жүйенің сұйықтарын , техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап, есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында техникалық қызмет жүргізбей, диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға керектігі немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.

13. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Отырғызылған картопты көмудің екі түрі бар. Ылғалды аудандарда оны жал етіп, ал құрғақ аудандарда тегіс етіп көмеді. Соған байланысты көмгіш мүшелœер де өзгереді. Жал етіп жасырған кезде тек дискіні ғана тіркейді, ал тегістеп көмген кезде дискі артына ұзын тіс тырма тіркелœеді. Барлық қозғалатын бөліктер қолдан жеңіл қозғалуы тиіс (М. А).

14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Мотоблоктар

Жұмыс көлемі шақтаулы шаруашылықтарда қолданылатын энергиялық құралдарды атқаратын жұмыстарына және түрлеріне қарай екі топқа бөлуге болады. Оларды мотоблоктар және шағын тракторлар деп атайды. Мотоблоктар дегеніміз арнаулы қозғалтқыш қондырғысымен жабдықталған бір осьті машиналар.

МТЗ- 0.5 мотоблогы Минскінің трактор заводында шығарылады және ол мотоблоктардың ауыр түріне ( салмағы 100 кг артық) жатады. Оның жұмысшы жылдамдығының кең мөлшерде өзгере алатындығына байланысты көптеген ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаруға болады. Қуат алу білігі арқылы, азық ұсақтағыштар сияқты тұрақты машиналарды іске қосуға болады. Жол жүретін саңылауының көптігі (300 мм) тасымалдау жұмыстарын, өсімдіктердің қатаралығын өңдеуді атқаруға мүмкіндік береді. Беріліс трансмиссиясындағы реверсивті механизм барлық берілісте трактордың алдына немесе артына жалғастырылған машиналармен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Мотоблок қозғалытқыштан, ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, басты берілістен, біріктіріп тастайтын қондырғысы бар дифференциалдан, соңғы берілістен, қуат алу білігінен және басқару жүйесінен құралған.

15. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.

16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар

жазық тиек - плоский затвор жалпыланған жылдамдық - обобщенная скорость жанама әдіс - косвенный метод жанама қима - касательное сечение жанасу нүктесі - точка касания жану шебі - фронт горения жарғақ - мембрана жарма білік - разрезной вал жарылыс толқыны - взрывная волна жасаушы бұрыш - образующий угол жебе арқаны - стреловый канат  

Бақылау сұрақтары

1. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. «Энергияның сақталу заңы бойынша ..... ұтсақ, жылдамдықтан ұтыламыз»

А. қуаттан

В. күштен

С. ауадан

Д. желден

Е. даладан

2. « Сопротивление» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А. кедергі

В. жылдамдық

С. күш

Д. дөңгелœек

Е. қозғалыс

3. Машиналардың трансмиссиясы нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

4. Электр қозғалтқыштары нені айналдырады?

А. тараптарды

В. дөңгелœектерді

С. тастарды

Д. механизмдерді

Е. орындықтарды

5. Мақалды жалғастырыңыз. «Еңбексіз өмір жоқ, .................»

А. жол жоқ

В. нан жоқ

С. ауырсыз жеңіл жоқ

Д. байлықтың көзі жоқ

Е. жеңіл жоқ

6. Бірыңғай аңықтауышты табыңыз

А. Далада гүлдер жайқалып тұр

В. Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды

С. Біз таудың ең биік шыңына шықтық

Д. Мырзабайдың баласы ақылды

Е. Кең әрі ұзын көшелœер қалаға көркін беріп тұр

7. Күрделі анықтауышты табыңыз

А. Аласалау үйден түтін шығып жатыр

В. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

С. Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты

Д. Далада кішкентай балалар ойнап жүр

Е. Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды

8. Анықтауыштың белгісін табыңыз.

А.анықтайтын сөзінің алдында тұрады

В.анықтайтын сөзінен кейін орналасады

С.анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді

Д.анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады

Е.анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады

9. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер

А. кім? не?

В. кімнің? ненің?

С. кімді? нені?

Д. кімге? неге?

Е. кіммен? немен?

10. Кімнің атын еңбек шығарар?

А. Ердің

В. Адамның

С. Кісінің

Д. Жолдастың

Е. Баланың

7 – сабақ

Тракторлардың түрлері

Толықтауыш

1. Сөздікпен жұмыс

Жалпы жұмыс – общая работа

Қатараралық- междурядье

Арнаулы – специальный

Көрсеткіш – показатель

Саңылау – зазор, прощелина

Бағыт- направление

Жіңішке - тонкий

Өлшеу- измерять

Көлденең – поперек

Қалыпты –нормальный, обычный

Шынжыр – цепь

2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Ауыл шаруашылығы, бірнеше түр, қасиеттері, негізгі жұмыс, өсімдіктер, бау- бақша, жүзім өсіру, мақта өсіру, көрсеткіш

3. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар

Жұмыс түрі, әр түрлі көрсеткіштер, бірнеше түрге бөлінеді, жұмыстарды жүргізуге болмайды, ең төмен орналасқан, мақта өсірудегі жұмыстар, арнаулы тракторлар, жалпы жұмысқа арналған тракторлар, универсалды- қатараралық тракторлар

4. Мәтінді түсініп оқыңыздар

Тракторлардың түрлері

Ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлар әр түрлі көрсеткіштері бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Осы принциппен бөлініп, бір топқа жататын тракторлар түрлерінің қасиеттері де бірдей болады.

Тракторлар ең алдымен атқаратын жұмыс түріне қарай үшке бөлінеді:

а) жалпы жұмысқа арналған тракторлар;

б) универсалды- қатараралық тракторлар;

в) арнаулы тракторлар

Жалпы жұмысқа арналған тракторлар ауыл шаруашылығыдағы негізгі жұмыстарды атқарады. Бірақ, олармен өсімдіктің қатараралығындағы жұмыстарды жүргізуге болмайды. Себебі олардың табандары жалпақ және ара қашықтықтары тұрақты болады. Ал универсалды- қатараралық тракторлармен ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстармен қоса өсімдіктің қатараралығындағы жұмыстарды да атқаруға болады. Сондықтан оларды « универсалды » деп атайды. Бұл тракторлардың жүргізгіш мүшелœерінің ( дөңгелœектер, шынжыр табандар)табаны өсімдік қатар аралығына сиятындай жіңішке жасалынып және трактордың көлденең бағытымен өлшенгендегі екі жүргіш мүшелœерінің ара қашықтығын өзгертуге болады. Арнаулы тракторлар ауыл шаруашылығындағы негізгі бір жұмысты ғана атқара алады. Бұған бау- бақшадағы немесе жүзім өсірудегі, мақта өсірудегі жұмыстарды ғана істейтін тракторлар жатады. Тракторларды тарту күшіне қарай біренше топқа бөледі, бұл топ олардың класы болып табылады. Әрбір класқа бірнеше маркалы тракторлар кіреді, бірақ олардың қалыпты тарту күштері сол класта көрсетілген шамадағыдай болады. Ол кластар мыналар: 6, 9, 14, 20, 30, 40, 50, 60 кН. Тракторлардың класын істелœетін жұмыстың ауырлығына байланысты таңдап алады.

Тракторлар құрылысына қарай да бірнеше топқа бөлінеді. Жүргізгіш мүшелœерінің түріне қарай дөңгелœекті және шынжыр табанды тракторлар болады. Ал тұлғасының құрылысына қарай рамалы, жартылай рамалы, рамасыз тракторлар деп бөлінеді.

Тракторлардың осы түріне байланысты негізгі маркасы шығарылады да, оларға тиісті өзгертулер енгізу арқылы модификациялары жасалынады. Модификацияланған тракторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері базалық марканың көрсеткіштерінен оншалықты өзгеше емес.

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Атқаратын жұмыс түріне қарай тракторлар нешеге бөлінеді?

2. Жалпы жұмысқа арналған тракторлар қандай жұмыс атқарады?

3.Универсалды – қатараралық трактордың қызметі жалы айтып беріңіз.

4. Арнаулы тракторлар қандай жұмыс атқарады?

5. Тракторларды тарту күшіне қарай неше топқа бөлуге болады?

6. Мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.

7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Ілінісу муфтасының негізгі қызметі трансмиссияны двигательден аз уақытқа ажыратып, қайтадан оларды қосу болып табылады. Сондай аз уақытқа ажыратқанда, автомобильдерді қозғау үшін трансмиссиядағы берілісті қосады немесе жүріп келœе жатқанда ауыстырады. Осындай жұмыстарды атқаратын ілінісу муфталары жүмыс принциптеріне қарай үш түрге бөлінеді: фрикциоңдық, гидравликалық және электромагниттік.

Фрикциондық ілінісу муфтасында беріліс үйкеліс күшінің әсерімен іске асырылады, яғни двигательге жетекші диск бекітіледі де оған трансмиссия білігінде бекітілген жетектелуші диск жанасып, үйкеліседі. Араларында пайда болған үйкеліс күшінің әсерінен жетектелуші диск айналады.

8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

1. Қарай, бөлінеді, ең, атқаратын, жұмыс, тракторлар, алдымен, түріне, үшке

2. Ауыл, жалпы, шаруашылығында, негізгі, атқарады, арналған, жұмысқа,

3. Жұмыстарды, болмайды, жүргізуге, бірақ, қатараралығындағы, өсімдіктің, олармен,

4. Жатады, бұған, мақта͵ немесе, өсірудегі, ғана, жұмыстарды, тракторлар, істейтін, жүзім өсірудегі,бау- бақшадағы

9. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

Жұмыстарды іске асыру үшін, беріліс қорабының жұмыс принципі әртүрлі болуы мүмкін. Солардың ішіндегі автомобильдерде көп қолданылатын түрі — механикалық беріліс қорабы. Ондай механикалық беріліс қорабы механикалық тораптардан құралады. Сондай тораптар беріліс санын өзгерту арқылы айналдыру моментін өзгертеді.

10. Мәтінді оқып , термин сөздерді теріп жазыңыздар

Пайдалану үшін жүргізіп байқауға әзірлегенде, автомобильді шаң- тозаңнан және сақтауға қойған кездегі майлаған майдан тазартады. Аккумулятор батареяларын көріп ,оларды жұмысқа әзірлейді.Тексеру үшін құрылғылармен жабдықталған құрама бөліктердегі май дәрежесін тексереді , қажет болса белгілі дәрежеге жеткізу үшін қосымша май құяды. Автомобильдің құрама бөліктері мен тетіктерін пресс- майлағыштың көмегімен майлайды. Автомобильдің сыртқы бұрандаларын және де басқа да қосылған бекітулерін тексеріп қажет болса мұқият бұрап бекітеді.

Белдіктің тартылуы (желдеткіштің жетегін), генератордың, компрессордың басқару механизмін, ауаның қысымын тексеріп, қажет болса реттейді. Мотордың салқындау жүйесіне салқындататын сұйық құяды. Моторды от алдырып , оны тыңдайды, бақылау аспаптары көрсеткіштерінің белгіленген нормаға сәйкестігін тексереді.

11. Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Картопты отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады. Жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келœеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы шарт.

Минœералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде дайындалады. Минœералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады.

12. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.

Топырақты өңдеу алдында … жер бетіне біркелкі етіп шашады. Зиянкестер …. алуан түрлі ауруларға шалдықтырып, олардың түсімін төмендетеді. … себер алдында химиялық өңдеуден өткізеді.

Қажетті сөздер: тұқымды, өсімдікті, тыңайтқышты .

13. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Жартылай рамалы тракторлар, барлық механизмдері мен бөліктері, дәнекерлеу арқылы, алдыңғы бөлік, түрлі бөліктер, раманың қызметін атқару

14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Шағын тракторлар

718 модельдері шағын трактор. Бұл трактор тарту күші 2,0 кН болатын класқа жатады. Мұны Кутаисидың шағын тракторлар заводы шығарады. Шағын тракторлар ішінде орташасына жатады. Ол қосымша құрылыста да , коммуналды шаруашылықта да қолданылады.

Шағын трактордың негізгі тораптарына двигатель, трансмиссия, жүріс бөлігі, қуат алу білігі сияқты қондырғылар жатады. Трактор РД-180 маркалы екі цилиндрлі, төрт тақталы дизельді қозғалтқышпен жабдықталған. Трансмиссиясы ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, алдыңғы және артқы жетек белдемесінен, екі қуат алу білігінен тұрады. Ілінісу муфтасы бір дискалы, құрғақ. Беріліс қорабы алға қарай екі диапазонға бөлінген алты беріліс, артқа қарай үш беріліс жасайды. Алдыңғы және артқы жетекші белдемелœерге жұдырықшалы муфталармен біріктірілетін дифференциалдар орналасқан. Солардың көмегімен трактор тура жүрген кезіндегі дөңгелœектердің тығылуын болдырмайды. Олардың іске беріліс қорабы арқылы қосылатындықтан, оған тәуелді жұмыс істейді. Осыған қосымша трактор арнаулы тапсырыс бойынша алдыңғы қуат алу білігімен де жабдықталады.

15. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

игіш машина - гибочная машина икемділік - податливость ию күші - изгибающающая сила ию теңдеуі - уравнение изгиба июге сынау - испытание на изгиб иілгендік - изогнутость иілгіш сырық - гибкий стержень иілуге қатаңдық - жесткость на изгиб иілім сызығы - линия прогиба иінді білік - коленчатый вал иінтірек – рычаг иірмек доңғалағы - червячное колесо иірмекті беріліс - червячная передача иірімділік - завихренность  

Бақылау сұрақтары

1. Тракторлар тарту күшіне қарай неше топқа бөлінеді?

А. екіге

В. бірнешеге

С. үшке

Д. төртке

Е. беске

2. «Зазор» сөзінің аудармасын көрсетіңіздер.

А. сағат

В. сағым

С. саңылау

Д. саты

Е. саз

3.Тракторлар атқаратын жұмыс түріне қарай нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. бірнешеге

С. үшке

Д. төртке

Е. беске

4.Топырақты өңдеу алдында жер бетіне біркелкі етіп не шашады?

А. тыңайтқыш

В. топырақ

С. құм

Д. саз

Е. батпақ

5.Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.

А. кім? не?

В. кімнің? ненің?

С. қалай?

Д. қайтіп?

Е. кіммен? немен?

6.Тура толықтаыштың сұрақтарын көрсетіңіздер.

А. кімді? нені?

В. кімнің? ненің?

С. кімде? неде?

Д. кімнен? неден?

Е. кіммен? немен?

4. Араларында пайда болған ненің әсерінен жетектелуші диск айналады?

А. тартылыс күшінің

В. үйкеліс күшінің

С. құмның

Д. саздың

Е. батпақтың

8. Сөз тіркесіндегі тура толықтауышты табыңыз.

А. Үйіне бармайтын болды

В. Үйіне кетті

С. Үйінен келді

Д. Үйін білді

Е. Үйге барды

9. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыздар. « Тракторлардың осы түріне .... негізгі маркасы шығарылады»

А. байланысты

В. қатысты

С. арналған

Д. қатысқан

Е. арнайы

10. «Общая работа» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.

А.жалпы жұмыс

В.жақсы жұмыс

С.арналған жұмыс

Д.қатысқан жұмыс

Е.арнайы жұмыс

8 – сабақ


Читайте также


  • - Автомбиль трансмиссиясы

    Трансмиссияны&... [читать подробенее]


  • - Автомбиль трансмиссиясы

    Трансмиссияны&... [читать подробенее]