Open Library - открытая библиотека учебной информации

Открытая библиотека для школьников и студентов. Лекции, конспекты и учебные материалы по всем научным направлениям.

Энергетика Автомобиль.
просмотров - 414

Автомобиль.

Астана, 2012 ж.

УДК

Т

Төлеужанова Ж.М.

Қ а з а қ т і л і( Жоғары оқу орындарының техникалық факультетінің мамандықтарына арналған). –Астана: 2012. 84 бет.

ISBN

Пікір жазғандар: Қазақ ұлттық өнер университеті ӘГП және тілдер кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Бектасова Ж.Т.

« С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті » АҚ қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Кенжемұратова С.К.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасын негізге ала отырып, техникалық факультеттің жалғастырушы топ студенттеріне арналған.

Оқу құралының басты мақсаты - мамандыққа сай терминдерді, кәсіби лексиканы игерту. Осы мақсатта студенттердің тілін дамыту, лексикалық сөздік қорын байыту үшін мамандыққа байланысты мәтіндер, жаттығулар, тест тапсырмалары берілген.

Оқу құралында берілген тапсырмалар студенттердің өз мамандығы саласында ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

ББК-

ISBN

Алғы сөз

Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарының техникалық факультетінің жалғастырушы топ студенттеріне арналған.

Аталмыш оқу құралының негізгі мақсаты –ауызекі сөйлеуге төселіп, сөйлеу тілі қалыптасқан студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, кәсіби лексикасын байыту, тіл байлығын тереңдету , шығармашылық ізденіс қабілетін жан - жақты дамыту, бұрын алған білімдерін одан әрі жетілдіру.

Оқу құралы 15 сабақтан тұрады. Сабақтарда лекикалық, грамматикалық жаттығулар, мәтіндер, мәтін бойынша тапсырмалар, сол салаға қатысты негізгі термин сөздердің сөздігі де беріледі. Әр сабақтан соң студенттердің білімін бағалау мақсатында тест тапсырмалары берілген.

Қазақ тілі заңдылықтарына сүйене отырып, студенттердің өз кәсіби лексикасын молайтуға, мамандыққа байланысты терминдерді игеруге, салалық сөздік қорын қалыптастыруда аталмыш оқу құралының маңызы зор.

Мамандыққа байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыстар студенттердің ғылыми сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, кейін олардың өз мамандығы бойынша адамдармен қарым - қатынас жасауына көмегін тигізері сөзсіз.

1-сабақ.

Сөйлем. Жай сөйлем. Сұраулы сөйлем. Хабарлы сөйлем.

1. Сөздікпен жұмыс

Өнертапқыш – изобретатель

Жолаушылар тасымалы – перевозка пассажиров

Қозғалтқыш – двигатель

Өндіріс – производство

Жақсарту – улучшение

Құрастыру – сооружить

Шығарыла бастады –начал выпускаться

Бу автомобильдері – паровые автомобили

Жетілдіру – совершенствовать

Көрсеткіш – показатель

2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Жел күші, беріліс қорабы, механикалық тежеуіш, ғасырдың аяғы, орыстың өнертапқышы, карбюраторлы қозғалтқыш, дами бастады, қозғалу, жасау, құрастыру, қолдану, шығару, алу, жетілдіру.

3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Автомобиль (грек.autos - өзі және лат.mobilis – қозғалмалы,қозғалатын ) - өз қозғалтқышы арқылы қозғалып, жүк және жолаушылар тасуға арналған машина. Орта ғасырларда жел күшімен немесе адамның бұлшық еті күшімен қозғалатын арба жасалды. 1752 жылы орыс механигі Л.Шамшуренков екі адамның күшімен қозғалатын "жүгірме арба" жасады. 1769 – 1770 жылы француз өнертапқышы Ж.Кюнью, ал одан бірнеше жылдан кейін Англияда У. Мердок және Р. Тревитик бу автомобильдерін құрастырды. 1784 – 1791 жылдары орыс өнертапқышы И.П. Кулибин жасаған педальды арбаларда осы күнгі автомобильдерге тән механизмдердің (беріліс қорабы, маховик, механикалық тежеуіш, роликті подшипник,т.б) біразы қолданылды. 19 -ғасырда Англияда Г. Герн мен У. Ханкоктың, Францияда А.Болленің, А. де Дионның және Л.Серполленің бу автомобильдері тарала бастады. 19-ғасырдың 30 жылдарында жолаушылар таситын бу автомобильдері жолға шықты. Аталған ғасырдың аяғында аккумулятор батареяларынан қуат алатын автомобильдер құрастырылды. 1879 ж. орыстың өнертапқышы О.С.Костович бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқыш жасады. Жеңіл де, ыңғайлы, жүрісі шапшаң және үнемді жанатын қозғалтқыштың шығуымен автомобиль жасау ісі тез дами бастады. 1885 – 1887 ж.неміс өнертапқыштары К.Бенц пен Г.Даймлер бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдер жасады. 1890 жылдары Францияда "Панар-Левассор" және "Де Дион - Бутон" автомобильдері пайда болды. 1892 ж. АҚШ- та Генри Форд өзінің алғашқы автомобилін құрастырды, ал 1903 жылдан ол өндірісте шығарыла бастады. 1932 жылдан Кеңес Одағында ГАЗ автомобильдерін көптеп шығару қолға алынды. М.Р.Бриллинг пен Е.О.Чудаков құрған автомобиль мектебі автомобиль жасауды жетілдіруде, оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуда маңызды рөл атқарды.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Жүгірме арба қай жылы жасалды ?

б) Бу автомобильдері қай жылы құрастырылды ?

в) Бензинмен жүретін карбюраторлы қозғалтқышты кім жасады ?

г) Автомобиль жасауды жетілдіруде қандай мектеп маңызды роль атқарды?

5. Мәтіндегі сандарды сөзбен жазыңыздар.

6. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар

Автомобиль, механик, жолаушылар тасу, жүк тасу, бу автомобилі, аккумулятор батареялары, қозғалтқыш, өндіріс, пайдалану, даму, құрастыру.

7. «Автомобиль» деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазыңыз.

8. Төмендегі етістіктермен хабарлы сөйлемдер құрастырыңыздар.

Пайдалану, бастау, даму, алу, шығару, құрастыру, жасау

9. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

Жасау , қолдану , тез , күш

10. Мәтінді оқып, термин сөздерді жазып алыңыздар.

Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы.

Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, ұжымдар халық шаруашылығында маңызды қызмет етіп , еліміздің халқына тынымсыз еңбек істеп келœеді.

Жыл сайын автомобиль көлігі арқылы халық шаруашылығында 80% - дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың 75%-дан астамы жолаушылар үлесіне тиеді.

Тасымалдың тиімділігін арттыру үшін алдыңғы қатарлы техника мен технологияны жасау және өндіріске енгізуді шапшаңдату, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту, олардың мамандығын жетілдіру, қозғалыс құрамын және басқа техникалық жабдықтарды алмастыру, материалды- техникалық және жөндеу базасын қалыптастыру, тиеу- түсіру және жөндеу жұмыстарын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру шараларын жүргізу керек. Сонымен қатар қозғалыстың қауіпсіздігін арттыру , тасымалдың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайту қажет

Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден - бір маңызды мәселœе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселœені шешу бір жағынан, автомобиль өндірушілердің анағұрлым сенімді автомобиль шығаруға пайдасын тигізсе, екінші жағынан – автомобильді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіруге себепші болады.

11. Мына етістіктерді пайдаланып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар

Тасымалдау, қолдану, алу, құрастыру, көру, білу, бастау

12. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. күшімен, ғасырларда, жел, арба, орта͵ бұлшық, немесе, адамның, еті, күшімен, қозғалатын, жасалды.

2. екі, жылы, орыс, механигі, адамның, 1752, жасады, күшімен, "жүгірме арба" , Л.Шамшуренков, қозғалатын

3. шығару, автомобильдерін, алынды, жылдан, көптеп, Кеңес, Одағында 1932, ГАЗ , қолға

4. көрсеткіштерін, М.Р.Бриллинг, маңызды, оның, Е.О.Чудаков, құрған, жақсартуда, мектебі, автомобиль, жасауды , жетілдіруде, пайдалану, пен, рөл атқарды, автомобиль

13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлемдер құрастырыңыздар

ағыс жазықтығы - плоскость течения ажырамайтын қосылыс - неразъемное соединœение ажырамалы қосылыс - разъемное соединœение аз тербелістер - малые колебания айқас беріліс - перекрестная передача айқышты муфта - крестовая муфта айналдырушы білік - вращающий вал айналшақ, қосиін - кривошип айналшақты білік - вал с кривошипом ақырлы беріліс - конечная передача ақырлы байланыс - конечная связь аунақша мойынтірек -роликовый подшипник ауырлық күшінің үдеуі - ускорение силы тяжести

Бақылау сұрақтары

1. Бірінші болып іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдерді кімдер жасады?

А. Л. Степанов ,Л.Леонов

В. Л.Леонов, С.Чудкин

С. В. Миронов ,Г. Герн

Д. К. Никитин, В.Чудаков

Е. К. Бенц, Г. Даймлер

2. «Изобретатель» сөзінің баламасын көрсетіңіз.

А. өндіріс

В. өнертапқыш

С. өнеркәсіп

Д. өндіріс

Е. көрсеткіш

3. Генри Форд құрастырған автомобильдер қай жылдан бастап өндірісте шығарыла бастады?

А. 1889

В. 1890

С. 1891

Д. 1902

Е. 1903

4. «Қызмет көрсету» сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз?

А. сфера обслуживания

В. служба охраны

С. природные ресурсы

Д. прогрессивный метод

Е. универсальная установка

5.Қазақстан қай жылы Халықаралық автомобиль федерациясына мүше болып қабылданды?

А. 1989

В. 1990

С. 1991

Д. 1992

Е. 1993

6. Қай жылы Генри Форд өзінің автомобилін құрастырды?

А. 1889

В. 1890

С. 1891

Д. 1892

Е. 1983

7 «Жүгірме арбаны » кім ойлап тапты?

А.Л. Шамшуренков

В. Л.Леонов

С. С. Миронов

Д.Б. Иванов

Е. В. Чудаков

8. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

А. Іс – қимылға итермелœеу, орындауға ұмтылдыру мақсатында айтылған сөйлем .

В. Қимыл иесінің күйін, қалпын, іс- әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем.

С. Сұрай айтылған сөйлем.

Д. Адамның көңіл- күйін білдіретін сөйлем.

Е. Белгілі бір оқиға, адам, бір нәрсе туралы хабарлай айтылған сөйлем

9. Сұраулы сөйлемді табыңыз.

А Балам, тоқташы

В. Апырай, желісінің қаттысын- ай

С. Сен болған шығарсың

Д. Аспан ашық

Е. Алматы - оңтүстік Астана

10. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А. Әне бір өрге шыққан немене

В. Тарт тіліңді

С. Бүгін күн суық

Д. Мақтан қума, керек қу

Е. Бұған кім кінәлі

2 –сабақ.

Автомобильдердің түрлері.

Бұйрықты, лепті сөйлем.

1. Сөздікпен жұмыс

Көлік - транспорт

Арнаулы – специальный

Жарыс – соревнование

Жеңіл автомобильдер – легковые автомобили

Айрықша – особенный

Жабдықтау- оборудовать, снабжать

Сусымалы заттар – сыпучие вещи

Кедергі – преграда, препятствие

Ескек винт – гребной винт

Қондырғы – установка

2.Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

Адам тасу, жүк тасу, көше сыпыру, өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру, көшпелі жөндеу шеберханасы, жоғары сапалы, жүк автомобильдері, әмбебап автомобильдер

3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Автомобильдердің түрлері.

Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай көлік, арнаулы және жарыс автомобильдері болып бөлінеді. Соның ішіндегі негізгісі - көлік автомобильдері. Олар адам және жүк тасуға арналған. Арнаулы автомобильдер тиісті жабдықтармен жабдықталып көше сыпыру , өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру сияқты кейбір өндірістік жұмыстарды атқаруға пайдаланылады (автокран, автокомпрессор, өрт сөндіру машинасы , көшпелі жөндеу шеберханасы, тағы басқа ). Жарыс автомобильдері спорттық жарыстарға қатыстырылады. Көлік автомобильдерінің бір түрі – жолаушылар автомобильдері. Оның жеңіл автомобиль, автобус сияқты түрлері бар. Көлік автомобильдеріне автопойыз құрамына кіретін арнаулы буксирлер де жатады. Жеңіл автомобиль екіден сегізге дейін жолаушылар (жүргізушінің өзін қосқанда) тасуға арналған. Қозғалтқышының литражы (қозғалтқыштың барлық цилиндрлерінің жұмыс көлемі) мен салмағына қарай: айрықша кіші (1,2 л және 850 кг), кіші (1,2 және 1,8 л және 850 – 1150 кг), орташа (1,8 – 3,5 л және 1150 – 1500 кг) литражы мен массасы шектелмейтін жоғары сапалы болып 5 класқа бөлінеді. Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай лимузин (қорабы жабық), кабриолет (қорабы жоғарғы жағынан матамен жабылған), фаэтон (қорабы ашық) болып ажыратылады . Автобус кісі отыратын орындығының санына қарай аз (25 орынға дейін), орташа (26 – 35 орын), көп (36 – 45 орын) және өте көп (45 орыннан жоғары) орынды болып келœеді. Қорабының, орындығының түріне, жабдықталуына, жүріс жылдамдығына және атқаратын қызметіне байланысты қалалық, арнаулы, қалааралық автобустар болады. Жүк автомобильдерінің өте жеңіл жүк көтеретін (0,75 – 2,5 т-ға дейін), жеңіл (0,75 – 2,5 т), орташа (2,5 – 5т), ауыр (5 – 10т) және өте ауыр (10 т-дан жоғары) түрлері бар. Жүк автомобильдері қорабының түріне қарай әмбебап және арнаулы болып бөлінеді. Әмбебап автомобильдердің борты ашпалы-жаппалы ашық платформалы болып келœеді. Арнаулы жүк автомобильдеріне аударылмалы ашық платформасы бар аударғыштар, қорабы жабық фургондар, сұйық және сусымалы заттар тасуға арналған автоцистерналар, цемент тасығыштар, т.б. жатады. Жол жағдайына қарай кездескен кедергілерден кідірмей өте алатын, су өтпейтін қорабы, ескек винті, т.б. суда жүзуге қажетті қондырғылары бар амфибиялар да автомобильдерге жатады. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын автомобильдің көлемдері мейлінше үлкен. БелАЗ-дардың кабинасына арнайы сатымен шығуға тура келœеді. Кейбіреулерінің қорабына 100т жүк кетеді.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

б) Арнаулы автомобильдер қандай жұмыс атқарады?

в) Көлік автомобильдерінің қандай түрлерін білесіз?

г) Жеңіл автомобильдердің қандай түрлерін білесіз?

д) Сізге жеңіл автомобильдердің қай түрі ұнайды?

5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып лепті сөйлемдер құрастырыңыз.

Көлік автомобильдері, автобус, жеңіл өндірістік жұмыстар, жүріс жылдамдығына , жол, сапар

6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Әскери әуе күштерінде бензин тасығыш, автоцистерна, автостартер, қар күрегіш, автокран, сыпырғыш машина, прожекторлы және өрт сөндіру машиналары, компрессорлы машиналар және т. б. автомобильдер пайдаланылады. Әскери автомобильдердің бұлардан басқа штабтық санитарлық, авторефрижаторлар, экскаваторлар, орқазғыш сияқты 200-ден аса түрі бар. Қазіргі автомобильдерге орнатылатын қозғалтқыштардың негізгі түрі - іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш. Электр автомобильдері аккумулятор батареясымен жұмыс істейтін қозғалтқышпен жабдықталады. Мұндай автомобильдер қалада жеңіл және шағын көлемде жүк тасуға қолданылады. Жағатын жанармайының түріне қарай автомобильдер карбюраторлы, газ балонды, газ генераторлы және дизельді болып бөлінеді.

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Жеңіл, ірі, жоғары, ашық, үлкен.

8. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

Жарыс, кісі, тұрмыс.

9. «Жұмыс» деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазып, сөйлем құраңыз.

10. Диаграмманы толтырыңыз

 
 

11. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. арнаулы, пайдалану, жарыс, қызметіне, автомобильдер, қарай, көлік, және, болып, бөлінеді, автомобильдері.

2. негізгісі, соның, көлік, ішіндегі ,- автомобильдері.

3 адам,олар ,және ,арналған, жүк, тасуға

4. мейлінше, күнгі , бүгінгі, жүк , көлемдері ,таситын, кейбір, автомобильдің, үлкен.

12. «Автомобильдің түрлері» тақырыбында хабарлама дайын- даңыздар.

13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрастырыңыздар

бағыттаушы білеу - направляющий брус бағыттаушы жүгірткі - направляющий бегунок бығыттаушы негіз - направляющая база басқару иінтірегі - рычаг управления бастапқы иілім - начальный прогиб басты ығысу - главный сдвиг батырылған ағынша - затопленная струя бәсеңдеткіш, амортизатор - амортизатор бейнелœеу жазықтығы - изображающая плоскость бекіту сынасы - крепежный клин беріліс,беру,жіберу - передача беріліс білігі - передаточный вал

Бақылау сұрақтары

1. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Бармағанда қайтем

В. Бақ кетпесін басыңнан

С. Сен әнші едің ау, ә

Д. Ой, байғұс бала- ай

Е. Жаңбыр жауды

2. Автобус кісі отыратын орындығының санына қарай нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

3. Адамның көңіл- күйін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейді?

А. толымды

В. жақсыз

С. сұраулы

Д. лепті

Е. жайылма

4. Автобустар жүріс жылдамдығына және атқаратын қызметіне байланысты нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. беске

С. үшке

Д. төртке

Е. жетіге

5. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.

А. Жақты сөйлем

В. Толымды сөйлем

С. Сұраулы сөйлем

Д. Жайылма сөйлем

Е. Құрмалас сөйлем

6. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Пай- пай, мына аттың жорғасын-ай.

В. Білім- адамның қанаты.

С. Кімдер таратып, насихаттайды.

Д. Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде

Е. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе

7. Автомобильдер қозғалтқышының литражы мен салмағына қарай нешеге бөлінеді?

А. алтыға

В. сегізге

С. жетіге

Д. төртке

Е. беске

8. Жүк автомобильдері көтеретін жүгінің салмағына қарай нешеге бөлінеді?

А. алтыға

В. беске

С. төртке

Д. үшке

Е. екіге

9. Көп нүктенің орнына қажеттті сөзді қойыңыз. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын автомобильдердің .........мейлінше үлкен.

А. ауырлығы

В. көлемдері

С. жеңілдігі

Д. салмақтары

Е. Қораптары

10 « Гребной винт» сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.

А. ауыспалы винт

В. ескек винт

С. иінді винт

Д. қосымша винт

Е. әмбебап винт

3 – сабақ


Читайте также


  • - Реконструкция автомобильных дорог и ее разновидности

    ПРИНЦИПЫ НАЗНАЧЕНИЯ РАБОТ ПО РЕКОНСТРУКЦИИ АВТОМОБИЛЬНЫХ ДОРОГ В переводе с латинского языка слово «реконструкция» означает коренное переустройство, перестройку по новым принципам, восстановление чего-либо по сохранившимся данным и описаниям. Однозначного... [читать подробенее]


  • - АВТОМОБИЛЬ НАДЕВАЕТ ВОЕННУЮ ФОРМУ

    Начало.Автомобили стали играть важную роль в исторических событиях. Достаточно напомнить о «марнских такси», спасших Париж в 1915 году, или о неутомимых полуторках и трехтонках, связывавших осажденный Ленинград с Большой землей в 1941 - 1943 годах. Теперь люди сохраняют иные... [читать подробенее]


  • - Основные элементы автомобильной дороги

    Требования к путям движения войск ПУТИ ДВИЖЕНИЯ ВОЙСК Общие положения.Действия войск в современном бою сопряжены с частыми перемещениями, передвижениями, совершением маршей и маневров, ведением наступления в высоких темпах. Основные требования, предъявляемые к... [читать подробенее]


  • - Предельные значения биения для автомобильных колес с разборным ободом

    Условное обозначение типоразмера обода Биение, мм колеса радиальное осевое От 5,0.. .15 до 6,5. ..20 2,5 2,0 « 7,0... 15 « 7Д..20 2,5 2,5 « 7,5. ..15 « 8,5...20 3,0 2,5 « 9,0...20 « 10Д..24 5,0 2,0 Биение ободьев колес проверяют универсальными средствами измерения,... [читать подробенее]


  • - Предельные значения биения для автомобильных колес с разборным ободом

    Рис. 3.4. Зона предельного износа рисунка протектора Предельные значения биения для автомобильных колес с неразборным ободом Методы проведения испытания Высоту рисунка протектора шин определяют на участке бего­вой дорожки,... [читать подробенее]


  • - АВТОМОБИЛЬНОСТЬ 3 страница

    И в довершение всего появляется жрец, который говорит уже не об автомобиле, а о его внутренностях, о его мужских достоинствах и о его недомоганиях. — «Пантера-барракуда III» — классная телега, что и говорить. Со своим четырехлитровым высокооборотным двенадцатицилиндровым... [читать подробенее]


  • - АВТОМОБИЛЬНОСТЬ 2 страница

    Характерные ошибки, которые совершают современные женщины, отчасти являются результатом борьбы женщин за независимость на заре нашего века, но, с другой стороны, это плоды воспитания. Девочки обычно обучаются в школах и колледжах, где преподавание ведут учительницы, по... [читать подробенее]


  • - АВТОМОБИЛЬНОСТЬ 1 страница

    БРАК Романтический брак — это союз двух людей, которые были предназначены друг другу с самого начала. Все препятствия на их пути сметены, ибо эти двое идеально подходят друг другу и ни один из них не будет счастлив в браке с кем-то еще. Принято говорить, что браки... [читать подробенее]


  • - Спрятавшийся автомобиль

    Такие неровности могут привести к неожиданной потере равновесия Солнечным весенним днем вы решили выехать на природу, чтобы покататься в свое удовольствие. Благополучно миновав все опасности, подстерегающие мотоциклиста в городе, вы мчитесь по загородной дороге. ... [читать подробенее]


  • - Автомобиль с барабанными тормозами

    Автомобиль с дисковыми тормозами • Снимите скобу тормоза, см.п.15.6. • Подвесьте скобу с помощью проволоки на внутрен- нем брызговике, не допуская скручивания или на- тяжения тормозного шланга. Тормозной шланг остается подключенным, в противном случае после установки... [читать подробенее]